С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризм саласындағы интеграциялық үрдістердің дамуы» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ География және туризм кафедрасының оқытушылары мен студенттері және Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университеті Рекреациялық география, туризм және аймақтық маркетинг кафедрасының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан ¬– ПМУ География және туризм кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Динара Есімова. Ғылыми шараның модераторы: г.ғ.к., профессор Антонина Царегородцева.

Сонымен қатар, іс-шараға жоғарыда аталған кафедрасының оқытушылары, атап айтсақ, г.-м.ғ.к., доцент Ғалымбек Ажаев, Гүлмаржан Қасенова, Шынар Қакежанова, Ләззат Ерубаева, Оксана Бовина, қатысқан.

Дөңгелек үстел барысында туризм саласындағы интеграциялық үрдістердің дамуы және оларды мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылған. Профессор Антонина Царегородцева «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреациялық ерекшеліктері» атты презентациясын ұсынды. Магистрант Виктория Сендецкая туристік кәсіпорынның менеджерінің тұлғасын модельдеу мәселесін қарастырылған болатын. Ал магистрант Айгүл Рақышева Сабындыкөл көлінің рекреациялық жүктеме жөнінде баяндаған.

Ғылыми шараның соңында қатысушылар ПМУ және АМУ арасындағы ынтымақтастық жөнінде резолюцияға қол қойған.