Павлодардың ғылыми жұртшылығы танымал ғалым, тарихшы және дарынды ұстаз Альберт Захаренконың мерейтойын атап өтті.

Биыл тарих ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Захаренко Альберт Леонидович 75 жасқа толу мерейтойын тойлады.

Мерейтой иесіне арналған құттықтау сөзінде С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев Альберт Захаренконы еліміздің белгілі ғалымы, көрнекті қайраткері деп жоғары бағалаған болатын.

Альбер Леонидович С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 35 жылдан астам еңбек еткен. Жылдар бойы ол өз-өзін жоғары дәріжелі маман, дарынды ғалым және ұйымдастырушы ретінде көрсеткен. Ғалымның зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелері отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. А.Л. Захаренко жалпы тарихи үрдісіндегі сібірлік жерлестіктердің маңыздылығын, олардың даму кезеңдерін және тарихи ерекшеліктерін аса терең зерттеген болатын.

Ғалымның зерттемелердің тағы бір бағыты – өлкетану мәселелері. Профессордың тікелей қатысуымен аса көрнекті ғалым, өлкетанушы Г.Н. Потанинның үш томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Сонымен қатар, Альберт Захаренко Потанинның мұрасы жөнінде арнаулы курсын әзірлеген.

Альберт Леонидович Захаренко – 125 ғылыми еңбектердің авторы (олардың ішінде 16 монография, 9 оқу құралы, 100 ғылыми мақала).