2014 жылдың 3-4 шілдесінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Атырау және Астана қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылар тобы келді.

Назарбаев Зияткерлік мектебі «Туған елге тағзым» атты әлеуметтік жоба аясында өлкетанулық зерттеу экспедициясын өткізуде. Жоба білім беру жүйесінің автономдық ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептері бастамасымен әзірленіп, мектеп оқушыларында өз туған еліне деген қызығушылықты қалыптастыруға, патриотизм сезімін күшеутуге арналған.

Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің аймақтарын аралайды, олардың фаунасы мен флорасын, ескерткіштерді, тарихи маңыздылықты, мәдениетті, инновациялық объектілерді, архитектуралық ғимараттарды және т.б. зерттейді.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-11 сынып оқушыларының Қазақстанның ірі университеттерінің бірі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен танысуы ЖОО-ның мұражайлық кешенінің экскурсиясынан басталды. Балалар ғылым тарихы, қазақ этнографиясы, археологиялық, «Дос Мұқасан» тобына арналған, Мәнһүр Жүсіп атындағы музейлермен және университет ғалымдарының ғылыми жұмыстарымен танысты. Университетті энергиямен жабдықтауында баламалы энергия көздерінің бірі болып табылатын жел-күн қондырғылары жайлы балаларға университет мұғалімдері толық айтып берді.

Экскурсия аяқталғаннан кейін оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.