2014 жылдың 25-27 маусым аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Баянтау» демалыс үйінде студенттік өзін-өзі басқару белсенділеріне арналған ІІ жастар лагері өз жұмысын бастады.

Лагерді С.Торайғыров атындағы ПМУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментімен бірлесіп студенттердің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Лагердің басты мақсаты – жоғары оқу орындарындағы студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің тиімді жұмыстары арқылы студенттік жастардың әлеуметтік-белсенділігі мен кәсіби-біліктілігінің дамуына жағдай тудыру.

Жастар лагері – студенттердің қабілет-қарымын ашу үшін мол мүмкіндік және студенттік өмірдің алуан саласында студенттік бастамаларды қолдаудың ашық алаңы.

Сондай-ақ, студенттердің іскерлік қарым-қатынасына жол сілтеуші болатын семинарлар мен тренингтерден өзге, студенттік өзін-өзі басқару белсенділерінің көшбасшылары үшін арнайы шеберлік сыныптар ұйымдастырылады. Лагерь бағдарламасы бойынша студенттік дебаттар, зияткерлік ойындар, КВН ойындары, волейбол және футбол сайыстары өткізіледі деп көзделуде.