Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттіктің Аккредитациялық Кеңесі шешімімен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура оқыту бағдарламалары мамандандырылған аккредитациядан өтті.

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттіктің (БСҚҚТА) 2014 жылдың 14 маусым күнгі шешімімен С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің 6 бакалавриаттық оқыту бағдарламалары, 20 магистратуралық оқыту бағдарламалары, 4 докторантуралық оқыту бағдарламалары мамандандырылған аккредитациядан 5 жыл мерзімге өтті.

Мамандандырылған аккредитациялаудың шеңберінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 2014 жылдың 12-15 мамыр аралығында БСҚҚТА-ның 7 сарапшы тобы арнайы сапармен келді.

Аталмыш агенттіктің бағдарламасына сәйкес сарапшылар тобы университеттің материалдық-техникалық қорымен, факультеттердегі құжаттармен, дәрістер мен сабақтардың барысымен танысты. Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, түлектері, оқытушылары мен жұмыс берушілерімен сұхбаттасты.

Бүгінгі күні С.Торайғыров атындағы ПМУ-де жүзеге асып жатқан 117 оқыту бағдарламаларының 70 бағдарламалары аккредиттеуден өтті. Сондай-ақ, оқу орнының 12 оқыту бағдарламалары ASIIN (Германия) халықаралық агенттіктің аккредитациялануынан өту барысында.