С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Агротехнология факультетінің студенті Снежана Касса Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының «Болашақтың ғалымдары» студенттер арасындағы VI республикалық үздік ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, студент Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қорының алтын медалімен және дипломымен марапатталды.

Аталмыш байқаудың мақсаты – студенттік жастардың кәсіби даму жолында қолдау көрсету және ынталандыру, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген студенттердің ғылыми әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашуға қолайлы шарттар ұйымдастыру, білім беру мекемелерінің студенттердің ғылыми зерттеумен айналысуын ұйымдастыруға ынталандыру, Қазақстандық жастардың арасындағы ғылымды дамыту.

Жалпы байқауға бакалавриат және магистратура бөлімдерінде оқитын 194 студент 153 ғылыми жобаларын таныстырды, оның ішінде 124 – жеке, 29 топтық жұмыс болып табылады. Ғылым бәйгесіне Қазақстанның 25 жоғары мектептері студенттерінің ғылыми жұмыстары қабылданды: Астана, Алматы, Тараз, Павлодар, Арқалық, Қарағанды, Талдықорған, Орал, Шымкент. Байқауға қатысқан жобалардың ішінен ең үздік 20 жұмыс іріктеліп алынды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Снежана Кассаның ғылыми жұмысы ел ішіндегі кіл мықты жобалар қатарынан ең үздігі деп танылды. Үздік жұмыстың жетекшісі С.Торайғыров атындағы ПМУ «Биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Құралай Исаева. Айтулы жоба өсімдік майы қолданылған радиопротекторлық қасиетті ет өнімдерінің өндірісін жетілдіру мәселелерін қозғады.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін байқау қатысушылары ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратын аралап, қызықты та танымды көрме жұмысымен танысты.