С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті белгілі ғалым әрі ардақты ұстаз, техника ғылымдарының докторы, «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры Виталий Украинецтың 60 жылдық мерейтойын атап өтті.

Виталий Николайұлы Павлодар мемлекеттік университетінде 35 жылға жуық қызмет етті. Ол осы еңбек жылдары барысында өзін жоғары білікті маман, дарынды ғалым әрі білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Оның шығармашылық жетістіктері отандық және шетелдік баспа беттерінде жарық көруде. Ол 150-ге жуық ғылыми жұмыстардың авторы. Оның 3-уі С.Торайғыров атындағы ПМУ мен М.Тынышпаев атындағы ҚазҰККА оқу үрдісінде қолданыстағы монографиялар.

Соңғы жылдары ғалым мемлекеттік ғылыми қызметкер ретінде ҚР БҒМ Математика институтының толқынды динамика зертханасы жүргізетін жұмыстарының жауапты орындаушысы бола білді. Бүгінгі күнде В.Н.Украинец Математика және математикалық үлгілеу институтының толқынды динамика зертханасының (Алматы қ.) «Көліктік жүктеменің ықпалымен тоннел динамикасын компьютерлік үлгілеу» гранттық жобасының ғылыми жетекшісі.

Виталий Украинцаның Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылым дамуына қосқан үлесі зор. Оның Білім және Ғылым Министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрметті марапатымен және Сұлтанмахмұт Торайғыров Алтын медальімен марапатталғаны ерен еңбегінің бағаланғаны дап білеміз.