С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі қосарлы білім беру жүйесін дамыту шеңберінде Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының студенттері Павлодар облысы Май ауданындағы «Агрофирма Ақжар Өндіріс» ЖШС шаруашылығында дипломдық жобасын қорғады.

Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасы студенттерінің қосарлы білім алуы «Агрофирма Ақжар Өндіріс» ЖШС-де 2012-2013 оқу жылынан бері табысты өтуде. Аталмыш жүйе аясында 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» бакалаврлық мамандық бойынша білім алып жүрген студенттер үшін «Агрофирма Ақжар Өндіріс» ЖШС-нің өндірістік цехтары базасында, қой фермаларында, жылқы фермаларында тәжірибелік сабақтар өтеді.

Ағымдағы жылы «Агрофирма Ақжар Өндіріс» ЖШС-інде Аготехнология факультеті студенттерінің дипломдық жұмыстарының қорғауы өтті: Бертрам Надежда, Гриценко Дарья, Селиванова Евгениия, Ефимова Алёна, Титанов Жанат. Дипломдық жобалардың тақырыптарына жылқы, қой, ешкі шаруашылығына енгізілетін тың технологиялар мен селекцияның өзекті мәселелері арқау болды.

Кәсіпорындағы дипломдық жұмыстардың қорғауы Май ауданының әкімі Бегзия Искакованың, Май ауданы әкімі орынбасары Манарбек Аханбаевтың, С.Торайғыров атындағы ПМУ Агротехнология факультетінің деканы, а-ш.ғ.д. Тоқтар Бексейітовтың, С.Торайғыров атындағы ПМУ Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының меңгерушісі Надия Бурамбаеваның, мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасы, ҚР АШМ Павлодар облысы бойынша тұқым шаруашылықтың бас инспекторы Марат Шугаевтың, МАК мүшесі, кафедра доценті, а-ш.ғ.к.Төлеген Асанбаевтың, Жастілек Уахитовтың, Алма Теміржанованың, Рүстем Әбілдинованың, Қайырлы Омашевтың қатысуымен өтті. Дипломдық жұмыстардың қорғауында С.Торайғыров атындағы ПМУ тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Зинаида Жанпейісова, шаруашылық жетекшісі Айтмұхамет Қожабеков, Павлодар облысы ауылшаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерқанат Әлжанов қатысты.

Сонымен қатар, Май ауданының әкімі Бегзия Искакова С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушыларына аймақтың ауылшаруашылық саласының дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хаттар табыс етіп, биылғы жылғы түлектерді Май ауданына жұмысқа шақырды.