С. Торайғыров ат. ПМУ-дың студенттері Павлодар қаласының «Достық» үйінің концерттік залында өткен дарынды жастардың «Студенттік көктем-2014» облыстық фестивалінің гала-концертіне қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Студенттер мерекесінің ұйымдастырушысы «Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің қолдауымен «Павлодар облысының Қазақстан студенттері Альянсы» ЖҚБ болып табылады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында өткен «Студенттік көктем – 2014» фестивалінің алғашқы кезеңінің ұйымдастырушысы – С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің студенттік филармониясы.

«Студенттік көктем-2014» фестиваліне Павлодар облысының ЖОО мен орта кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 22 оқу орны қатысты.

Фестиваль қатысушылары көркем өнерпаздар ұжымдары; вокал (жекелей, дуэт, трио, вокальдық топтар), хореография (халық билері, эстрадалық би, заманауи би және т.б.) жанрлары бойынша өнер көрсетті.

«Студенттік көктем-2014» облыстық фестиваліне С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік филармониясы белсенді қатысып, ең үздік нөмірлері үшін 1 орын дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Хореография номинациясының эстрадалық би әрі заманауи би бойынша «Джем» заманауи би студиясы, студенттік филармония бишісі, Тарих және құқық факультетінің 1 курс студенті өзбек ұлттық биі бойынша А.С. Букатаева 1 орынды иеленді.

«Вокал» номинациясы бойынша Студенттік филармония «Ертіс жұлдыздары» студиясының студенттері, Қаржы-экономика факультетінің 1 курс студенті М.Т.Сарина, Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің 1курс студенті Н.М. Мұратов, Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің 1 курс студентті Д.М. Мұратов бірінші орынды қанжығасына байлады.

Концерт барысында ерекше көзге түскен ұжымдар мен жеке орындаушылар «Студенттік көктем-2014» естелік сыйлықтармен, мадақтамалармен, мүсіншелермен марапатталды. Оқу мекемелері белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. «Студенттік көктем-2014» облыстық фестивалінің қорытындысына сәйкес ПМУ студенттік филармониясының үздік нөмірлері республикалық және халықаралық байқауларға ұсынылатын болды.