С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас ғалым» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және облыс әкімінің орынбасары Арын Орсариевтің қатысумен ғылыми көрме өтті.

Облыстық байқаудың нәтижесі бойынша Павлодар мемлекеттік университетінің жас ғалымдары «Жас магистр» (Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті деканының орынбасары Айгүл Егінбаева) және «Жас магистрант» (МБ-22 тобының магистранты Римма Уалиева) марапаттары бойынша жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімінен кейін ғылыми көрме өтті. Көрме ұйымдастырушылары: Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Павлодар облысы жас ғалымдар кеңесінің бірлесіп қолдауымен «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі.

Ғылыми жобалар көрмесіне С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми жұмыстар және инновациялар бойынша проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінің басшы міндетін атқарушы, т.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті Серік Жұмажанов, Инновация және трансфертті технологиялардың аймақтық орталығының басшысы Сергей Смайлов.

Ғылыми жұмыстар және инновациялар бойынша проректоры Нұрлан Ержанов Павлодар мемлекеттік университетінің жас ғалымдарының табысты жобалары мен жетістіктері туралы баяндады. «С.Торайғыров атындағы ПМУ жас ғалымдары әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен көрмелерге қатысып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, мол тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Олардың ғылыми жетістіктері алдағы уақытта оқу үрдісі мен өндіріс орындарында қолданылатын болады», - деп айтып өтті Нұрлан Телманұлы.

Сондай-ақ, өздерінің ғылыми жобаларымен Алтынай Арқатова (МШӨӨТ-201 тобы, агротехнология факультеті), Даниэль Токқожин (ИНФ-302 тобы, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті), металлургия, машина жасау және көлік факультеті: Қанат Арқалықов (МТ-201 тобы), Серік Акушев (МТ-202(с) тобы), Сағыныш Нұркімбаев (МС-402 тобы), Бадинур Біләлов (ТТ-302 тобы) таныстырды.