С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандары құрметіне «Тарих сабақтары» өтті.

Саяси репрессия күні – миллиондаған адамдардың үзілген өмірлері, қасіретті тағдырларын еске алатын күн. Бұл күні біз тергеусіз, сотсыз атуға бұйырылған, айдауға қуылған, әлеуметтік табы немесе кәсібіне бола азаматтық құқығынан айрылып, қудаланған адамдарды еске алуға міндеттіміз. Көптеген отбасыларға «Халық жауы» болған деген қара тағылды.

Тақырыптық сабақтарға мұрындық болған «Қазақстан тарихы» кафедрасы.

Шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, «Тарих және құқық» факультетінің студенттері қатысты.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қайрат Батталов өз сөзінде қазақстандықтар үшін бұл айтулы күннің маңызы зор екенін атап кетті. «Біздің еліміз үшін, бұрынғы кеңестік мемлекеттер үшін осы күн – әділетсіз сотқа тартылып, өмірлерін қиған миллиондаған асыл азаматтары мен аяулы жақындарын еске алатын күн», - деп мәлімдеді Қайрат Қанатұлы.

Дәріскер ретінде т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент Қайрат Батталов, т.ғ.к., доцент Гүлфайруз Жапекова, с.ғ.к., доцент Ғани Елмұратов, аға оқытушылар Сәуле Молдабаева, Алтынгүл Қасқабасова және Сәлия Сәкенова қатысты.