С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті Ернұр Хайлямов пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатында жеңімпаздар үштігінен көрінді.

Пауэрлифтинг немесе күш үшсайысы – бұл нағыз батырлардың бәсекесі. Спортшы өзінен бірнеше есе ауыр зілтемірді қарсыластардан әлдеқайда шебер, әрі көп көтеру керек.

Пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Кубогі және жеке жаттығулардың Қазақстан Республикасы Чемпионаты Алматы облысы Текелі қаласында өтті. 59 кг. салмақтағы ерлер арасындағы зілтемірді жатып көтеру сайысының нәтижесі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Ернұр Хайлямов 165 кг. нәтижесімен бірінші орынды қанжығасына байлады.

Алматы қаласында классикалық пауэрлифтинг бойынша екінші ашық Қазақстан чемпионаты өтті. Бәйгеде 80 спортшы арасында бәске 24 жиынды марапат тігілді. Ернұр Хайлямов аталмыш сайыста да тамаша өнер көрсетіп, 59 кг. салмақ дәрежесі бойынша ерлер арасында 465 кг. және екінші орын 130 кг. көрсеткішпен күміске ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.