С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің студенті мен магистранты Алексей Христодоров пен Сағыныш Нұркимбаев Өскемен қаласында өткен Халықаралық «Жасыл экономика – адамзат болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.

Конференцияның мақсаты – «EXPO-2017» Халықаралық көрмеге дайындық шеңберінде экономикалық өсу жетістіктерінің көкейтесті проблемаларын талқылау үшін ғалымдар мен мамандарды біріктіру болып табылады. Табиғат пен адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін, өндіру мен тұтыну модельдерінің сапалы өзгеруін алдын ала қарастыратын инновациялық модельдерді іздестіру. «Жасыл қағидаларды» стратегиялық жоспарлау және бюджеттендіру жүйесімен біріктіру, бизнес пен инфрақұрылымды экологизациялау.

ММаш-12 тобының магистранты Алексей Христодоров және МС-402 тобының студенті Сағыныш Нұркимбаев «Жасыл» экономиканың жағдайы және оны тұрақты дамыту үшін келешекте алға бастыру» VII-ші Астаналық экономикалық форум шегінде Өскемен қаласында өткізілетін көшпелі сессия отырысына қатысты. С.Торвайғыров атындағы ПМУ магистранты мен студенті «Сhoosing of optimal constructive parameters the windwheel on the basic of modeling» атты баяндамасын ұсынды бас қосуда. Мұнымен қоса, олар «OSKEMEN EXPO – 2014» көрмесімен танысты.