С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне шетелдік оқытушыларды шақырту бағдарламасы аясында 19.05.2014 ж. мен 23.05.2014 ж. аралығында «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында дәрістер курсын Лунд университетінің профессоры Ронни Берндтсон (Швеция, Лунд қаласы) оқыды.

Профессор студенттер, магистранттар, сәулет-құрылыс факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Техника және су тазалау технологиясы» пәні бойынша дәрістік сабақтарын (30 сағат) жүргізді.

Профессордың университетке келу сапары барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ сәулет-құрылыс факультеті мен Лунд университетінің құрылыс және экологиялық технологиялар факультеті арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын өңдеу әрі ынтымақтастық, сондай-ақ, студенттердің, профессорлық-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлерінің сыртқы академиялық ұтқырлық ортақ бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды. Мұнымен қоса, ғылыми мақалалар және әдістемелік жобалар, бірлескен ғалымдардың жариланымдары, монографиялары мен оқулықтары бойынша келісулерге қол жеткізілді.

Сонымен бірге, меморандумға сәйкес бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, онлайн режимдегі шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.