Қазақстан Республикасы шаруашылық субъектілерді саралау тізімінің нәтижесіне әрі Ұлттық бизнес-рейтингісінің хабарламасына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Сала Көшбасшысы 2014» құрметті атағына ие болды.

Университет Павлодар облысы бойынша «Жеке табыс салығының» өлшеміне сай бірінші орынды (алтын) қанжығасына байлады.

Аталмыш көрсеткіш дегдарлы құрмет белгілерімен тең келеді. Павлодар мемлекеттік университеті «Сала Көшбасшы» белгісі мен мәртебесін мекеменің маркетингтік-экономикалық стратегиясына сай және Қазақстан Республикасындағы жарнама таратушылардың барлық түрінде қолдану құқына ие болды. Сондай-ақ, университет халықаралық «Кеден одағының хабаршысы» электрондық катологына тиімді шарт негізінде ақпарат таратуға мүмкіндік алды.

Ұлттық бизнес-рейтинг – жыл сайын өтетін жалпымемлекеттік тәуелсіз кешенді рейтингтік бағдарлама. Бағдарлама Мемлкеттік статистика қызметінің ресми мәліметтеріне сүйеніп Қазақстан экономикасының көшбасшыларын анықтайды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ даму, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Арман Ақышев: «Ұлттық бизнес рейтинг нәтижесі бойынша «Сала Көшбасшы» белгілеріне қол жеткізу университеттің табысты, жоғары деңгейлі екенінің айғағы болды. Айтулы рейтинг бойынша бірінші орынды иеленгеніміз – жоғары оқу орнының бәсекеге қабілетті, алға қойған міндет, мақсаттарын табысты орындауы деп білемін», - деп мәлімдеді өз сөзінде.