С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 12-15 мамыр аралығында мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде бакалавриаттың алты оқыту бағдарламасы, магистратураның 20 оқыту бағдарламасы және докторантураның төрт оқыту бағдарламасын Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) 7 эксперттік тобы келді.

Агенттік бекіткен бағдарлама шеңберінде сараптамалық топтар университеттің материалдық-техникалық базасымен, бағыттар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын факультеттердің құжаттамаларымен, сабақтарды өткізу тәртібімен танысты, С. Торайғыров атындағы ПМУ білім алушыларымен, түлектерімен, оқытушыларымен және жұмыс берушілермен сұхбат-кездесу өткізді.

Ішкі сарапшылардың сапарларының нәтижесі барлық ұсынылған білім беру бағдарламаларын бес жыл мерзіміне аккредиттеу ұсынысы болды. Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы соңғы шешім ағымдағы жылғы мамыр айының соңында Агенттіктің Аккредиттеу кеңесінде қабылданатын болады