2014 жылдың 15 мамыр күні С.Торайғыров ат. ПМУ-да ELSEVIER баспа компаниясының «Ғылыми жұмыстар жазудың өнері» тақырыбында авторлық семинары өтті.

Семинарды «Elsevier BV»-дің тапсырыс берушілермен жұмыс жасайтын өңірлік менеджер Гамзе Кескин өткізді. Шара мақсаты – ғылыми мақалалар жазу және оны зерттеу кезінде стратегияны анықтау қабілеттерін дамыту.

Elsevier – әлемдегі ғылыми журналдардағы барлық жарық көретін ғылыми мақалалардың төрттен бір бөлігін жариялайтын жаһандағы ең ірі төрт баспа үйлерінің бірі. Баспа үйінің негізі 1880 жылы Амстердамда (Нидерланды) қаланған. Бүгінде Ұлыбританияда, АҚШ-та, Бразилияда және басқа елдерде де филиалдары жұмыс жасайды. Elsevier жылына 250 мың мақаланы жарыққа шығаратын 2000-ға жуық ғылыми журналды басып шығарады.

Баспаханадан жаһанға атақты «Грей анотомиясы» топтамасының The Lancet кітаптары, Trends Current Opinion топтамасы, Science Direct ғаламтордағы порталы оқырманға жол тартады.

Семинар барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды: ғылыми журналдарға мақалаларды жариялау жолдары, Science Direct әдебиетіне шолу жасау, мақала жазар алдындағы қай жарияланым тобына жататынын анықтау, мақаланың ғылыми тілі, мақаланы жазу ережесі, авторлық құқықтары мен міндеттері, мақаланы тексеру ережесі.

Семинар жұмысына профессорық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, доктаранттар мен магистранттар қатарынан 70-ке жуық адам қатысты.

Сондай-ақ, семинар соңында қатысушыларға сертификат табыс етілді.