С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Екібастұз қаласында жылжымалы «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ өңіріміздегі өнеркәсіптік ірі орталық Екібастұз қаласының мектеп түлектері үшін Ашық есік күндерін ұйымдастырды.

Шара барысында 780 болашақ талапкер, мұғалімдер мен ата-аналармен университет басшылығы, факультеттер өкілдері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы кездесті.

Оқушыларға жоғары оқу орынының оқу-әдістемелік, мәдени және қоғамдық өмірі хақында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыстары бойынша проректор с.ғ.д., профессор Арман Ақышев таныстырды.

Сондай-ақ жоғары оқу орнына түсу үшін құжаттар тізімі мен құжаттарды өткізу мерзімі, оқу орнынының мамандықтары мен мемлекеттік білім гранттары туралы ақпаратты «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина баяндап берді.

Шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың белгілі ғалымдары: Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов, Агротехнология факультетінің деканы, а-ш.,ғ.д., профессор Тоқтар Бексейітов, «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің Математика және информатика кафедрасының профессоры п.ғ.к. Мейрам Исин, Энергетикалық факультетінің Электроэнергетика кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Игорь Захаров, Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің Орыс филология кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Наталья Крылова, Тарих және құқық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Аля Молдакимова, Қаржы-экономика факультетінің Экономика кафедрасының доценті, э.ғ.к. Айнаш Нұрғалиева, Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің Биология және экология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Айнагүл Оспанова қатысты.

Сонымен қоса, жоғары оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасы мүмкіндіктері туралы Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің үшінші курс студенті Наталья Томашевская әңгімелеп берді.

Жиналғандар алдында С.Торайғыров атындағы Студенттік филармония әншісі Әсел Құлжанова, «Мелоди» дуэті, КВН Павлодар Жастар құрамасы, «Ақерке» би студиясы өнер көрсетті.

Салтанатты сәттен кейін болашақ талапкерлерге С.Торайғыров атындағы ПМУ өкілдері ЖОО туралы толық ақпарат беріп, ұтымды кеңестер ұсынды. Кеш соңында Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік сауалдар бойынша орынбасары Айгүл Марданова шараны ұйымдастырған Павлодар мемлекеттік университеті басшылығына алғысын жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараға Екібастұз білім беру бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Нұржамал Мақұмова қатысты.