Көптеген жылдар бойы дәстүрлі түрде «Foundation» факультетінің бейінді сыныптарында Павлодар және Ақсу қалаларының мектеп оқушылары білім алып келеді.

2013-2014 оқу жылында 162 білім алушы, оның ішінде 83-і 10 сынып оқушылары, 79-ы 11 сынып оқушылары дайындық курсынан өтіп жатқан 7 профильді сыныптар құрылған.

2014 жылдың 17-30 сәуір аралығында бейінді сыныптарда кәсіби біліктілікті айқындайтын емтихандар өтті. Павлодар қаласының мектептері мен Ақсу қаласы лицейінің 79 оқушысы емтиханды үздік тапсырды. Емтихан нәтижесіне сай «Автослесарь», «Ағылшын тілін білетін хатшы-референт», «Тағам дайындаудың технологы», «Сызбашы», «Инженерлік сызба операторы» мамандықтарының кәсіби біліктіліктерін тағайындау үшін бекітілген үлгіге сәйкес құжат тапсырылатын болады.

Бейінді сынып оқуын аяқтағаны туралы куәлікті түлектерге салтанатты кеште табыс етеді.