С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша оқитын студенттері «Тарих» пәні бойынша өтетін Республикалық студенттік олимпиадаға қатысты.

Аталмыш олимпиада Қарағанды қаласында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен болатын.

Олимпиада 4 тур бойынша өткізілді: бірінші тур – Командалардың таныстыруы, екінші тур – «Қазақстан тарихы», «Әлемдік тарих» пәндер бойынша тестілеу, үшінші тур – үй тапсырмасы («Тарихи тұлға» тақырыбы бойынша жобалық жұмысының ұсынуы), төртінші тур – білімділер сайысы.

ПМУ студенттері Фатиха Жұмағұл, Вероника Хихлуха, Дәулет Кәрмен, Төлеген Сәрсенов, Бактияр Ахмульдинов, Расул Қилаш, Рустем Жолдыбалин, Мади Рахимов Республикалық олимпиадада II орын алды. Рустем Жолдыбалин дара есеп бойынша III орынға ие болды.

Команда жетекшісі – Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қайрат Батталов.

Сонымен қатар, ПМУ командасы университет ректоры С.М. Өмірбаевтың және жетекшісі Қайрат Қанатұлының атына алғыс хаттарын алып келді.