2014 жылдың 25 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ашық есік күні Баянауыл ауданында өтті.

Ағымдағы оқу жылында осы ауданда 266 оқушы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. 2014 жылдың 4 сәуірінде ПМУ өкілдері Баянауылда 169 оқушымен кездескен. Осы кезекті шара Майқайын ауылының №2 жалпы орта білім беру мектебінің базасында өткізілді. ПМУ өкілдерімен кездесуге 96 болашақ мектеп бітіруші,сонымен қатар педагогтар  келді.  Яғни, университет ҰБТ-ға қатысуды жоспарлаған барлық баянауылдық оқушылармен кездесті.

   

Шара барысында университет туралы бейнефильм ұсынылды.

«Foundation» факультетінің әдіскері, білім беру магистрі Алуа Дүйсенова жиналған қауымды п.ғ.д., «Физика және аспап жасау» кафедрасының профессоры К.А.Нұрымжанованы; ф.ғ.к., «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті Г.Т. Кәріпжанованы; PhD докторы, «Металлургия» кафедрасының аға оқытушысы С.Ж. Кенбеилованы; б.ғ.к., «Биология және экология» кафедрасының доценті кафедры А.К. Оспанованы таныстырды.

Мектеп бітірушілерге лебізді тілек сөзімен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрымжанова Күләш Алдоңғарқызы сөз сөйледі.

Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу ережелері мен құжаттарды тапсыру мен ҰБТ тапсыру мерзімдері, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы конкурсы, сонымен қатар қазіргі ЖОО қабырғасындағы жеңілдіктер мен мүмкіншіліктер турасында филология ғылымдарының кандидаты Кәріпжанова Гүлназ Төкенқызы сөз қозғады.

Майқайын №2 ЖОБ директоры Қожанов Ермекбай Хасенұлы С.Торайғыров ат. ПМУ өкілдеріне аудан білім алушыларына деген назарлары үшін алғысын білдірді және осындай кездесулердің маңыздылығы мен керектігін қадап айтты, сонымен қатар 11 сынып оқушыларына алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі.

Шара соңында С.Торайғыров ат. ПМУ ғалымдары оқушыларды мазалаған сауалдарға жауап бере, болашақ мектеп түлектеріне кеңес өткізді.