2014 жылдың 10 сәуірінде С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Современная лингвистика и исследования ментальности в XXI веке» тақырыбын арқау еткен халықаралық ғылыми конференция шеңберінде «Концептуальные исследования в условиях поликультурного пространства в Казахстане» секциясының жұмысын ұйымдастырды.

Аталмыш конференция филология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, Гуманитарлық академияның мүшесі, Снкт-Петербор мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Владимир Колесовтың 80 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отыр.

Шараның мақсаты – С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттарының назарын заманауи лингвистикадағы өзекті мәселелерге аударту.

Айтулы шараны ұйымдастырушы: п.ғ.к., Орыс филологиясы кафедрасының доценті Жанарсын Капенова.

Секция жұмысы арқылы Павлодар мемлекеттік университеті Ресейдің Санкт-Петербор, Кемеров, Челябинск және Волгоград қалаларындағы жоғары оқу орындармен бірге конференция жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей жоғары мектептері арасында заманауи лингвистика саласында тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөлісуге даңғыл салады.