2014 жылдың 7 сәуірінде С.Торайғыров ат. ПМУ-да орналасқан Мемлекеттік ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының базасында Павлодар қаласының 11 сынып оқушылары сынама тестілеуден өтті.

Тестілеуге №8, №10 лицейлері, қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған кадеттік мектеп-интернат, «Жас дарын» облыстық мамандандырылған көпсалалы жалпы білім беру мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты, №9 мектеп-гимназия және де №4, №14, №19, №25 ЖББОМ. Жалпы екі күн ішінде 380 оқушы тестілеуден өтті.

Тестілеуден бұрын Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультеті қызметкерлері 11 сынап оқушылары арасында болашақ талапкерлердің кәсіби бағытын анықтау мақсатында анкеталық сауалнама жүргізген болатын. Болашақ мектеп түлектерімен кездесуде факультет декандары жоғары оқу орынының мамандықтары туралы терең ақпарат беріп, оқушыларды мазалаған сұрақтарға жауап қайырып та үлгерді. Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары мен оқытушылары Павлодар мемлекеттік университетіне білім қуған болашақ талапкерлерге шынайы лебіздерін жеткізе отырып, өңіріміздің алдыңғы қатарлы әрі білімнің қара шаңырағына шақырды.