2014 жылдың 4 сәуір күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Жалпы университеттік сенбілікке қатысқан болатын.

Бұл сенбіліктің басты мақсаты – көктем келе салысымен жердің жаңғырып, бусанып жатқан кезде енді-енді ғана өсіп келе жатқан көгалдарға зиянын келтіріп тұрған қоқыстарды жинап, университет маңайын тазалап, оны көркейтіп қана қоймай, сонымен қоса қаланың тазалығын сақтауға өз септігін тигізу.

Бұл сенбілікте С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері университет алдын сыпырып, жапырағын жинап, қалған қоқыстарды қапқа салып тазартты.

Сенбілікке қатысқан студенттік ректоры Ғабит Хафиздың айтуы бойынша: «Осы іспен біз жастарды тазалыққа, қаланың көркеюіне ат салысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған болатынбыз».