2014 жылдың 4 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университеті Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Ашық есіктер күні» атты көшпелі салтанатты іс-шараны өткізді.

Баянауыл ауылының мектеп-интернатының негізінде өткен іс-шараға ауданның 170 түлектері және олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысқан.

Шара барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың басты трендін айқындап берген бейнефильмді жиналған оқушылар назарына ұсынды.

Іс-шараны ашқан педагогикалық ғалымдарының кандидаты, Психология және педагогика кафедраның профессоры Күнсұлу Исинова, ПМУ әкімшілігі және профессорлық-оқушылар құрамының атынан Павлодар өңірінің ең ірі ЖОО-ның бірі – Павлодар мемлекеттік университеті туралы және ПМУ қабырғасында білім алудың артықшылығы жөнінде баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар, Күнсұлу Серікқызы болашақ жас түлектерді алдағы университетке оқуға түсудің басты мәселелермен, атап айтсақ, мемлекеттік грантын беру ережесімен және 2014 жылдың қабылдау кампаниясының ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

Жиналған қауым құрметіне ПМУ-дың студенттік филармониясының үздік орындаушылары және «Павлодар жастар құрамасы» КВН командасы өнер көрсетті.

Аталмыш кездесу барысында мектеп оқушыларға ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.