2014 жылдың 1 сәуір күні С.Торайғыров ат. ПМУ Павлодар облысы Шарбақты ауданының мектеп түлектеріне арналған «Ашық есіктер күні» атты көшпелі салтанатты іс-шараны өткізді.

Аталмыш іс-шара Шарбақты ауданының Білім беру бөлімінің қолдауымен № 1 орта білім беретін мектептің негізінде өткен болатын. Биыл ауданның 74 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді, сол түлектер және олардың ата-аналары мен ұстаздары ПМУ өткізген шараға қатысқан.

Шара барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың басты трендін айқындап берген бейнефильмді жиналған оқушылар назарына ұсынды.

Іс-шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Энергетика факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Александр Кислов, ПМУ әкімшілігі және профессорлық-оқушылар құрамының атынан Павлодар өңірінің ең ірі ЖОО-ның бірі – Павлодар мемлекеттік университеті туралы және ПМУ қабырғасында білім алудың артықшылығы жөнінде баяндамасын ұсынды.

Жиналған қауым құрметіне ПМУ-дың студенттік филармониясының үздік орындаушылары және «Павлодар жастар құрамасы» КВН командасы өнер көрсетті.

Аталмыш кездесу барысында мектеп оқушыларына ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.