2014 жылдың 31 наурызында сағат 15.00-де «Білім+» жобасы бойынша С. Торайғыров ат. ПМУ-дың А-101 ғылыми кеңес залында студенттер мен магистранттар үшін «Діни радикализмнің бастауы мен идеалық мазмұны және қарсы әрекет әдістері» тақырыбына диалогтық алаң өтті.

Диалогтық алаңның мақсаты – діни радикализм және оның қоғамдық-саяси доктринасындағы идеялық мазмұндағы идеологиясын ашу, сондай-ақ қарсы әрекет әдістерін, оның деструктивтік ықпалын анықтау.

Ұйымдастырушы – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Тарих және құқық факультетінің «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы.

Диалогтық алаңда мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, декандардың, профессорлық-құрылымдық құрамынан, магистранттар, студенттер, басшылар, студенттік өзін-өзі басқарудың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Диалогтық алаңның модераторлары:

Сулекеев Д.К., С.Торайғыров ат. ПМУ әлеуметтану және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы; Омаров Дархан, тарих және құқық факультетінің 2-курс студенті.

Диалогтық алаңның қатысушыларының алдында спикерлер ретінде Слямов Ж.Ш., Павлодар облысының ІІД экстремизмен күресу болімінің бастығы; Кульжибаев С.К., «Иртыш Медиа Холдинг» әлеуметтік жағдайға талдау және мониторинг жасау бөлімінің бас маманы; Ельмуратов Г.Ж., С.Торайғыров ат. ПМУ әлеуметтану және саясаттану кафедрасының доценті,с.ғ.к., Ахметов Е.Б., С.Торайғыров ат. ПМУ әлеуметтану және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы; Ержанов Саит, тарих және құқық факультетінің саясаттану мамандығы 2-курс студенті сөз сөйледі.

Магистранттар мен студенттер үшін исламдық радикализмге қарсы әрекет ету әдістерінде баламалық әрекетті қалыптастыру, дінді деструктивтік және экстремистік мақсатта қолдануға жол бермеу туралы сұрақ қоюға және өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді.

Диалогтық алаңның жұмысында факультеттер декандарының жалпы мәселелер бойынша орынбасарлары, профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.

Павлодар облысы ІІД экстремизммен күрес бөлімінің басшысы Ж.Ш. Слямов магистранттарды, студенттерді қазіргі құқықтық базаның басты заңнамалық нормаларымен және жастардың арасында діни радикализмнің енуіне қарсы әрекет бойынша қазіргі әдістермен таныстырды.

С.К. Кульжибаев экстремисттік ұйымдардың идеялық мәні туралы, олардың адамның психологиясына негативті әсері және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігі үшін потенциалды қаупі туралы айтып берді. «Философия және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Т.Ю. Биль Ж.Ш. Слямовқа мазмұнды диалог үшін және деструктивтік мағынадағы идеологиямен күрес бойынша мазмұнды тәжірибелік ақпарат үшін, және барлық спикерлерге мазмұнды және пайдалы диалог үшін алғысын білдіреді.