С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке «Наурыз-мейрамын» дәстүрлі түрде тойлады.

Павлодар мемлекеттік университеті Орталық алаңда киіз үй тігіп, Павлодар облысының Ұлыстың ұлы күнін тойлау шарасына қатысып қана қоймай, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі департаментінің мамандарымен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 18 тыл еңбеккері тіркелген. Тыл еңбеккерлері келесі азық-түлік түрлерімен қамтылды: жармалар – 5 кг., макарон – 5 кг., қант – 5 кг., ұн – 5 кг., шай – 0,5 кг., картоп – 5 кг., көкөніс майы – 5 л., сүт – 2 б.

2014 жылғы 27 наурызында Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің маманы Баильдинова З.С. және Жастар ісі жөніндегі комитеті мен Студенттік кәсіподақ ұйымының белсенді студенттері (Кәбір Ғалымжан, Жайлаубаев Дархан, Балтабаев Нұрбек, Сағынтай Еркебұлан, Сағынтай Ернұр) көмегімен азық-түліктер барлық тыл еңбеккерлерінің үйлеріне жеткізілді.