2014 жылдың 27-28 наурызы күні С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Foundation факультетінің қызметкерлері Павлодар облысы мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырды.

Аталмыш шараға Павлодар, Успен, Лебяж, Ертіс, Шарбақты аудандарының 11 сыныптарға ұстаздық етуші мұғалімдері қатысты.

Жоғары оқу орынының басты трендтерімен таныстыру мақсатында қонақтардың назарына Павлодар мемлекеттік университеті туралы бейнефильм ұсынылды.

Foundation факультетінің деканы, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Айжан Кудерина өз сөзінде орта білім беру мектептері мен жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынасы тікелей мектеп оқушылары мен жоғары оқу орын оқытушыларына қатысы бар екенін мәлімдеді. Жоғары оқу орын мектеп түлектерін жоғары білім беру үшін қабылдайды, ал мектептер өз кезегінде жоғары мектептің талапкерлерін дайындайды. Міне осылайша екі мекеме де ортақ істі жұмылдыра атқарып жүрген жайы бар. Осы қарым-қатынас әсіресе, мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысында айшықтала түседі.

Мұнымен қоса, Айжан Ермекқызы жоғары оқу орнына түсу кезінде құжаттарды тапсыру ережелері мен құжаттарды тапсыру мерзімі турасында ақпарат таратып, мұғалімдердің мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Кездесу Ұлттық тестілеу орталығы және Павлодар облысы Білім беру басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен мұғалімдерді тестілеу шарасы шеңберінде өтті.