2014 жылдың 26 наурызында «Білім+» жобасы бойынша С. Торайғыров ат. ПМУ-дың ғылыми кеңес залында студенттер мен магистранттар үшін «Ханафиттік мазхаб және Қазақстан үшін оның тарихи рөлі» тақырыбына диалогтық алаң өтті.

Диалогтық алаңның мақсаты – Қазақстанда ұлттық ерекшеліктерді сақтауда және жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда имам Ағзам Абу Ханифаның рухани мұрағатының тарихи рөлін ашу.

Ұйымдастырушы – Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.

Диалогтық алаңға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, декандар, профессорлық-құрылымдық құрамы, магистранттар, студенттер, басшылар, «Қыз Жібек» клубы мен студенттік өзін-өзі басқарудың мүшелері қатысты.

Диалогтық алаңның модераторлары: С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО директоры Н.С.Тышқанова, Тарих және құқық факультеті «Саясаттану» мамандығының 2 курс студенті Ә. Мейірманов.

Диалогтық алаңның қатысушыларының алдында спикерлер ретінде Павлодар облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Д.К. Закарьянов; исламтанушы, теолог, PhD докторы, ҚМДБ уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Е.А. Оңғаров (онлайн-тәртіпте қатысу); Машһүр Жүсіп Көпеев атындағы орталық мешіттің наиб-имамы Қ.Қ. Қабаев; исламтанушы, халықаралық қарым-қатынастар магистрі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты Н.Е. Каирбеков; филос.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ философия және мәдениеттану кафедрасының доценті М. Ж. Кожамжарова; тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі, «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Мұсағажинова; С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО қызметкері Ж.Қ. Бертымуратов сөз сөйлейді.

Аталмыш шарада магистранттар мен студенттерге Ағзам Абу Ханифаның өмірімен, оның жеке басындағы қасиеттерімен танысуға және қазақ даласында, әсіресе, ханафиттік мазхаб неге қолайлы болғаны, және де басқа да діни мектептерден қандай ерекшеліктері бары туралы сұрақтарды жетекші мамандарға қоюға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, әр қатысушыға, қазіргі Қазақстанның мәдени-рухани өміріндегі діннің орны мен рөлі туралы, рухани-адамгершілік және діни құндылықтарды жаңартуға, сақтауға және нығайтуға нақты жол ұсынуға өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді.