С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. 

Аталмыш іс-шара арнайы безендірілген концерттік залда өтті. Мерекенің аясында залға кірген әрбір әйелге гүл ұстатқан болатын.

Іс-шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, саяси ғ.д., профессор Арман Ақышев әкімшілігінің атынан нәзік жанды оқытушылар мен қызметкерлерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, былай деді: «Бүгінгі өскелең ұрпаққа білім беріп, оларды тәрбиелеуде аяулы әйел заты өлшеусіз еңбек етіп келеді. Білім беру ісі мен ғылым жолында ер азаматтарымен бірге иық тірестіре адал еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер – бүгін ел мақтанышы».

Мерекелік бағдарламадағы студенттік филармонияның ең үздік нөмерлері, сонымен қатар, «Павлодар Жастар құрамасы» КТК командасының әзіл-сықақ қойылымдары кештің сәнін келтірген.

«Мінсіздік Ханшайымы», «Сыпайылық Ханшайымы», «Сонылық Ханшайымы», «Күлімсіреу Ханшайымы», «Гламур Ханшайымы», «Сүйкімділік Ханшайымы» номинациялардың жеңімпаздарын атау кештің шарықтау шегі болып табылды. Кештің соңында ПМУ-дың нәзік жанды қызметкерлері күлкілі сауалнамаға жауап беріп, арнайы сыйлықтарға ие болды.