Ресей Жаратылыстану Академиясы Президиумының шешімі бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы, т.ғ.д., Механика және мұнайгаз ісі кафедрасының профессоры Нұргүл Смайлова РЖА корреспонденті мүшесі төсбелгісі әрі дипломымен марапатталды және «Ғылым мен білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын ұсынды

Сонымен бірге, Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымына атаулы сертификат пен ғалым куәлігі табыс етілді. Ал, өмірбаяны мен еңбектегі жетістіктері «Ресей және ТМД ғалымдары» атты ғаламтор энциклопедиясына енгізілді.

Және де, Нұргүл Темірғалиқызы Ресей Жаратылыстану Академиясының халықаралық ғылыми шараларына және Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумына (ESIC) қатысты. Бағдарлама аясында «Ғылым мен білім берудің заманауи мәселелері» халықаралық ғылыми конференциясы мен халықаралық ғылыми-әдістемелік баспалардың ХХ мерейтойлық көрменің тұсауы кесілді.

РЖА базасындағы публикацияларды сараптау және ғылыми деректеме нәтижесіне сәйкес Ресей Жаратылыстану Академиясының марапат пен сый бойынша комиссиясы т.ғ.д., С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Нұргүл Смайловаға «Ғылым мен білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын ұсынды.