С. Торайғыров ат. ПМУ-дың С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында украиндық ақын Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойына орай әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. ЮНЕСКО Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойын естелік күндер күнтізбесіне енгізді.

Шараның бағдарламасы бойынша «Не забудьте, помяните добрым, тихим словом» атты мәнерлеп оқу жарысы, «Связаны дружбой навек» кітап көрмесі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Жәмилә Жұмахан (Агр 202 тобы) и Айгерім Балағазинова (ФИЛ (к) 101 тобы) жеңімпаз атанды.

Бұл кеште С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері украин тілінде әндер айтып, ақынның көркем сурет туындыларын көрсетті. Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының қызметкері Елена Лиханова өз сөзінде: «Ақын Қазақ жерінде жер аударылған жылдары көптеген көркем туындыларды дүниеге әкелді. Оның прозалық шығармалармен қоса 20-ға жуық повесі осы қазақ даласында туды. Қазақстанда 450-ге жуық көркем сурет туынды салды, оның 350-ге жуығы қазақ дүниетанымын паш етеді. Шевченко Украина мен Қазақстан халықтарының мәдениеттерін жақындастырды», - деді.

Шараның құрметті қонағы Т.Г.Шевченко атындағы Павлодар украин мәдениеті серіктестігінің төрағасы Михаил Парипса болды. Қонақ украин халқының ұлы ақыны Т.Шевченконың өлеңдерін оқып, өмірі мен шығармашылығы хақында қызықты мәліметтермен бөлісті. Философия және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Спепан Невмиржицкий Тарас Шевченконың шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталып, өз дәуіріндегі ақынның ұлттық идеяларымен көпшілікті таныстырды.