С. Торайғыров ат. ПМУ-дың студенттік командасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (Қарағанды қ.) «Машинажасау» мамандығы бойынша өткізілген республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып, екінші орынға ие болды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасына ЖОО-ның ішкі кезеңінің жеңімпаздары, МС-402 тобының студенттері кірді. Атап айтсақ, Сағыныш Нұрқымбаев, Владимир Макаров, Татьяна Комаренко.

Команда жетекшісі – Машинажасау магистрі, ПМУ-дың Машинажасау және стандарттау кафедрасының аға оқытушысы Андрей Ткачук.

Олимпиада нәтижесінде Владимир және Татьяна алғыс хаттарын алды, Сағыныш II дәрежелі дипломға ие болды.

Сонымен қатар, студенттер ПМУ ректоры Серік Өмірбаевқа ҚарМТУ ректоры Арыстан Ғазалиевтің атынан алғыс хатын алып келді.

Команда жетекшісі Андрей Александровичтың айтуы бойынша, IV республикалық студенттік олимпиадаға қатысуы студенттердің негізгі білімін жетілдіруіне септігін тигізеді.