С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінде қалалық 13 колледж түлектері сынамалық тестілеуден өтті.

Сынамалық тестілеудің алдында түлектердің кәсіби бағыттылығын анықтау үшін оларға алдын-ала сауалнама жүргізілді, сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің қатысуымен кәсіптік бейімделу жұмысы өткізілді.

«Foundation» факультеті деканының орынбасары Валентина Донцова университеттің даярлық курстары жөнінде мәліметтерді ұсынып, колледж түлектерін жұма сайын Б корпусында сағат 10.00-нан 18.00-ге дейін өтетін тегін консультацияларға шақырды.

Тестілеуге қатысушыларға ақпараттық буклеттері беріліп, ПМУ-дың мамандықтары туралы кеңес ұсынылды.