Соңғы кезеңде лаңкестік мәселелері бүкіл әлемде ерекше өзектілікке бөленді. Ерекше назарға лаңкестік тек қана пайда болмай, сонымен қатар дамып отыратын факторлар да иеленді. Осындай факторлар арасында лаңкестікті қаржыландыру жүйесі жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте осы мәселенің көптеген аспектілерін сараптайтын зерттеулер пайда болуда.

Лаңкестікті қаржыландырудың жоғары қоғамдық қаупін түсінуіміз мәселені ерекше бөлімге жатқызуымызға шарт болды. Осыған байланысты, 2014 жылдың 27 ақпанында «Білім+» жобасының шеңберінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Концерттік залында химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті мен сәулеттік-құрылыстық факультеттің студенттері мен магистранттары үшін «ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақша ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» ҚР Заңының негізгі қағидалары туралы» тақырыбына қаржылық-экономикалық факультеттің кезекті дәрісі өтті.

Дәріс мақсаты – студенттерді «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақша ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» ҚР Заңының негізгі пункттерімен таныстыру арқылы лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету, күресу мен ескерту және ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Негізгі баяндаушылар ретінде Бейсембаева Г.К., Есмагзам В., Сұлтанова А.Т. оқытушыларының жетекшілігімен қаржылық-экономикалық факультет студенттері болды: Сарина Мадина, Бакеева Гүлжан, Ибрагимов Әділхан, Қаржас Бибарыс. Дәріс барысында «қылмыстардың бұл қатары басқаларына қарағанда, атап айтқанда, қазіргі кезең қоғамдары үшін маңызды; ол тек қана жеке тұлғаларға емес, сондай-ақ жалпы жағдайға да, еліміздің интернационалдық жағдайы мен азаматтардың бір-біріне деген қарым-қатынастарына да, қоғамдық парасаттылыққа да әсерін тигізеді. Осы контекстің өзінде баяндаушылармен лаңкестікті қаржыландыру, лаңкестікті қаржыландыру туралы ұлттық нормаларға қатысты негізгі қағидалар жөнінде ақпараттық-танымдық материалдар ұсынылды. Мәселен, “қаржыландыру” деген операцияны табысты соңына дейін жеткізу және аяқтау үшін құралдар жинау дегенді білдіреді, яғни ресуртсардағы қажеттілікті не ақшалай, не құнды заттармен толықтыру үшін әрекеттер жасау. Осыдан да қаржыландырудың негізгі ерекше сипаттары туындайды: ол қарыз қаражаттарды немесе авуарларды (валюта, нақты қаражат, ликвидтілік, капиталдар, кірістер …) қолданып, оларды ассигнациялайды. Лаңкестікті қаржыландыру – лаңкестік актті немесе лаңкестік ұйымның іс-әрекетін іске асыру үшін қажетті шығындарды жабу құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Бұл жағдайда құралдар ретінде қаражат, құнды қағаздар, валюта құндылықтары, лаңкестік ұйым іс-әрекетін экономикалық жоспарлау бойынша қызметтер, лаңкестік қаржыландыру тиімділігін қамтамасыз етуге арналған экономикалық кеңестер, сондай-ақ қаруландырудан басқа өзге де материалдық құндылықтар.

Дәріс соңында студенттер баяндаушылар мен «Білім+» жобасының реттеушісіне, этникааралық және конфессияаралық процестерді зерттеудің аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығына құнды ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.

Қаржы-экономика факультеті