2014 жылдың 26 ақпан күні С.Торайғыров ат. ПМУ-дың басшылығы мен үздік ғалымдары Тереник Мария Серафимовнаны мерейтойымен құттықтау мақсатымен Ғылыми Кеңес отырысын өкізді.

Биылғы жылы Мария Серафимқызы 85 жылдық ғұмырын атап өтуде. Павлодар мемлекеттік университеті қызметкерлері мен ғалымдары дарынды ұстаз әрі өлкетанушы ғалымға жүрекжарды лебіздерін арнады.

Ғылыми Кеңес жұмысын аша отырып, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев мерейтой иесіне ізгі тілек білдіре отыра, былай деді: «Адам өмірі ғұмыр кешкен күнімен бағаланбайды, сол ғұмырында атқарған еңбегімен бағаланады. Сіз туған өлкеңізге, туған еліңізге деген адал махаббатыңызбен мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып келесіз».

М.С.Тереник Абай атындағы ҚазПИ-де 1965 жылы аспирантураны күндізгі бөлімде аяқтап, кейін 1966 жылдың 11 наурыз күні кандидаттық диссертациялық жұмысын қорғап келіп, өз еңбек жолын Павлодар индустриалды институтында (бүгінгі С.Торайғыров атындағы ПМУ) бастаған.

Павлодар индустриялды институтында ол аға оқытушы, кейін кафедра доценті, КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етеді.

Институтта қызмет ете жүріп Мария Серафимқызы қоғамдық жұмыстарға белсене араласады: дәріс беру шеберлігі факультетінің жетекшісі, қоғамдық ғылымдар кафедралары Кеңесінің төрағасының орынбасары, кәсіподақ мүшесі, институт және инженерлік-құрылыс факультетінің партбюросы.

Мария Тереник бүгінде ғалым-ұстаз, белгілі қоғам қайраткері. Оның Павлодар өңіріндегі жарты ғасырдан астам уақыт бойғы еңбегінде Павлодар өлкесі тарихына байланысты 34 кітаптар мен брошюра кітапшалар жарыққа шықты. Оның ішінде бірлескен автор ретінде 11 еңбек пен қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау еткен 500-ге жуық мақала жарияланды. Сонымен қатар, ол «Білім» қоғамы бағыты бойынша 2811 дәріс оқыды.