2014 жылдың 12 – 25 ақпан аралығында С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Орындаушылық өнер кафедрасының студенттеріне өнертану докторы, профессор, Алтай мемлекеттік университетінің Диссертациялық кеңес төрайымы Тамара Степанская дәріс оқиды.

Өнертану докторы, профессор, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Алтай мемлекеттік университетінің өнер факультетінің негізін қалаушы, Алтай мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Тамара Степанская Павлодар қаласына С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға жаһаннның белгілі де бірегей ғалымдарын шетелдік дәріскерлер ретінде тарту бағдарламасы аясында келді.

Ресейдің белгілі ғалымы, Сібір өңіріндегі алғашқы өнертану докторы Тамара Михайловна Павлодар мемлекеттік университетінің студенттеріне ғылыми зерттеулерге кіріспе әдістемесі бойынша дәріс оқиды. Ол өз дәрістерінде тарихи-мәдени мұраларды сақтау және өнер саласындағы гуманитарлық білімнің модернизациялануы мен ықпалдасуы мәселелері хақында терең де мағыналы сөз қозғады.