С.Торайғыров ат. ПМУ-дың оқу порталы «Webometrics Ranking of World Universities» (Вебометрикс) халықаралық рейтингісі бойынша ҚР-ның жоғары оқу орны сайттары арасынан үздіктер қатарынан бой түзеді.

2014 жылдың 12 ақпаны күнгі мәліметтердің нәтижесіне сәйкес www.psu.kz сайты Қазақстан ЖОО оқу сайттары арасынан үздіктер қатарынан көрініп, 3 орынды иеленді. 2013 жылғы шілде айының мәліметтерімен салыстарғанда 3 қатарға алға жылжыды.

Вебометрикс рейтингі әлемнің неғұрлым көп жоғары мектептерінің арасындағы университет сайттарының басты қызметін бағалауға бағытталған.

Вебометрикс рейтингісінің негізгі идеяларының бірі – ЖОО сайттарында дүние жүзі ғалымдарының бір-бірімен ақпарат алмасуы, университеттің зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы ғылыми мақалаларды жариялау. Вебометрикс рейтингісінің бөлек индикаторы бойынша белгілі бір өңірдің жалпы интеллектуалды жағдайының маңызды құрамдары туралы сараптама нәтижесіне қол жеткізуге болады. Бұл жүйе заманауи жағдайда аймақтар арасында ақпараттармен алмасу үшін өте тиімді.

Білім беруді ақпараттандыру орталығы директорының м.а. Павел Шеломенцевтің айтуынша Вебометрикс рейтингінде 3 орынды иеленгеніміз – бұл жалпы университет қызметкерлерінің жемісті еңбегі мен жаһандық ғылым-білім кеңістігіндегі профессорлық-оқытушылар құрамының жеткен жетістігі. «Университет порталының жоғары бағалануы – бұл жаңа технологиялар мен сол технологиялық ресурстардың даму саясатының табысты қызмет етуінің куәсі. Рейтинг индикаторы порталдың веб-парақшасының көлемін, қолжетімділігін және танымалдығын өлшейді», - деп мәлімдеді Павел Юрьевич.