2014 жылдың 5-6 ақпан күндері С.Торайғыров атындағы ПМУ-да Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы профессорлық-оқытушылар құрамымен, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті мамандарымен және студенттік белсенділерімен кездесті.

Кездесулер мақсаты: ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Білім+» жобасының іс-шаралар жоспарын орындау және діни экстремизмге қарсы іс-шаралар бойынша студенттер арасында ақпараттық-кеңестік көмек және алдын алу жұмыстарын өткізу.

Кездесулер барысында жастардың діни сауаттылығын арттыруды көздеген «Білім+» жобасы шеңберінде жұмыстарды дайындау және діни экстремизмге қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша талқылау болды.

Студенттермен кездесу кезінде Орталықтың қызметкері, теолог Жолдас Бертімұратов шараға қатысушыларға деструктивтік мәдениеттердің жастарды өз қатарына қосуының қолданыстағы негізгі идеологиялық ұстанымдарымен, әдістермен таныстырды. Мұнымен қоса, баяндамашы қоғамға жат идеялардың қаупі туралы да сөз қозғады.

Орталық басшысы Нұржамал Тышқанова көпшілік аудиторияға, тіпті кішігірім топтар арасында да бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы дәстүрлі мәдениет негіздері мен салт-дәстүрлер туралы ақпарат тарату мүмкіндігін қолдану керектігін атап өтті.

Сонымен бірге, Орталық басшысы енді ғана аяқ басып келе жатқан «Білім+» жобасының болашақтағы іс-шаралар Жоспарымен таныстырды.

Жалпы кездесулерде деструктивті мәдениеттің идеологиясына қарсы тұру шараларының қалыптары мен әдістері және студент жастардың көпконфессиялы заманауи қазақстандық қоғам жағдайында өзін-өзі тану түсінігі мен діни құндылықтарды қабылдауы туралы пікір алмасулар мен мағыналы әңгіме өрбіді.

6 ақпанда аталмыш іс-шаралар аясында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың концерттік залында Жолдас Бертімұратовтың «Ханафиттік мазхаб мектебі мен дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдар арасындағы идеялық ерекшелік» тақырыптағы дәрісі өтті.