Білім беру саласын сапамен қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің шешімі бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 17 білім беру бағдармалары мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Білім беру бағдармаларының мамандандырылған аккредиттеуі – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев былай деді: «Білім ордамыздың халықаралық кеңестікте өз орнын алуы Болондық үрдісті жүзеге асыру аясындағы университет дамуының маңызды стратегиялық аспектісі болып табылады. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу – оқу бағдарламаларын дамыту жолындағы басты тетік. Сонымен қатар, ЖОО-ның аккредиттеуі қазақстандық жоғары мектептің маңызы зор инновациялық құралы болып, нақты ЖОО-ның білім беру сапасының объективтік көрінісі болып тұр».

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар, Металлургия, машинажасау және көлік, Cәулет–құрылыс және Энергетика факультеттерінің білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді.