С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Химия және химиялық технологиялар кафедрасының түлектері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (Шымкент қ.) өткен Химия-технологиялық мамандықтар бойынша дипломдық жобалар байқауына қатысты.

Байқауға еліміздің 6 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Байқау өткізудің негізгі мақсаты – химия және химиялық технологиялардың мамандарын даярлаудағы сапаны өсіру, сонымен қоса, химия саласындағы дарынды жастарды анықтау.

Марапаттау рәсімінде С. Торайғыров атындағы ПМУ дипломдық жобалары жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Екінші деңгейлі дипломмен ХТНВ-402 тобының студенті Анастасия Головатаяның жобасы марапатталды (ғылыми жетекшісі: С.Р. Масақбаева).

ОЗХТ-401 тобының студенті Жұлдыз Қалиақбарованың жобасы үшінші деңгейлі диплом иегері атанды (ғылыми жетекшісі: Т.Б. Тұғамбаева).

Бұл шығармашылық сынақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың түлектеріне химия және химиялық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер жөнінде нақты түсінік алуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

ПМУ дипломдық жобаларының деңгейі жоғары бағаланып, ал Павлодар өңірі химиялық технологиялар саласында тағы да жоғары өнеркәсіптік орталық екенін дәлелдеді.

Фестивальдағы жеңіс жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілеріне үздік жобаларды іске асыруға шабыт сыйлады.