С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің үш оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты конкурс шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға, сонымен қатар, ғалымдардың біліктілігін арттыруға және ғылымның, техниканың және технологиялардың жаңа бағыттарындағы халықаралық келісімшарттарға сәйкес мамандарды кәсіби қайта даярлауға мүмкіндік беруде.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-да «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері – Қаржы кафедрасының доценті, э.ғ.к. Альфия Салихова, Жылуэнергетикасы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Евгений Приходько, Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бақытжан Қадырова.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына арнаған Жолдауына сәйкес аталмыш байқаудағы жеңіс ғалымдардың бірегей және сапалы білім беру жүйелерін қалыптастыру ісіне зор үлес қосқандығы болып табылады.

Жоғарыда айтылған грант алған оқы¬ту¬шылар алдағы уақытта өрке-ниетті елдердегі іргелі оқу орындарда білім жетілдіре алады. Сонымен қатар, үздік оқы¬тушылар ағымдағы жыл ішінде респуб¬ликалық ғылыми конферен¬ция¬ларға, симпозиумдарға, кон¬грес¬терге, ғылыми зерттемелер және оқу процесін ұйым¬дас¬тыру мәселелері бойынша өзге де алқалы жиындарға қатысуға мүмкіндік алады. Және де тағайындалған гранттың қолдануы ғылыми және оқу әдебиеттiң шығарылуына мүмкіндік береді.