С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Металлургия кафедрасының доценті, т.ғ.к. Оразбике Ибраева «Металлургия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды.

Ғылыми атақ әр зерттеушінің кәсіби өсуіне серпін беретіні мәлім. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңестерiнiң кандидатуралар ұсынуы негiзiнде аталған ұйымдардың қызметкерлерiне беріледi.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымы, қауымдастырылған профессор (доцент) Оразбике Тоқтарханқызы ресурстарды және қуат сақтау, сонымен қатар, металлургиялық өндірістің экологиялық қауіпсіздігін жетілдіру мәселелерін терең зерттеуде.

Бүгінгі таңда О.Т. Ибраеваның 75 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбегі бар. Оразбике Тоқтарханқызы «Экология және металлургия саласындағы экологиялық менеджмент» ғылыми-оқу құралдың, «Болат және ферроқорытпалар өндіруде технологиялық газдарды мен ағынды суларды тазартудың заманауи жүйелері» оқу құралдың, бақылау жұмыстарды орындау жөніндегі үш әдістемелік нұсқаудың, оқу құралы ретінде ұсынылған 7 кітапшаның авторы.

Аталмыш ғылыми атақтың сәйкестелген куәлігі берген мемлекеттің әрбір білім беру және ғылыми ұйымдарында мойындалады.