С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауын бір кісідей тыңдап, негізгі басымдықтарын саралап шықты.

««Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында еліміздің индустриялды-инновациялық дамуына тікелей қатысы бар Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін модерназициялаудың нақты белгіленген стратегиялары ұсынылды. 2014 жылғы Елбасының халыққа Жолдауы Павлодар мемлекеттік университетінің мақсат-міндеттерін мен бағытын айқындай түсті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елдегі барлық жоғары оқу орындардың академиялық және автономиялық басқару жүйесіне бірте-бірте өтуін, сонымен бірге студенттерді және үлгерімі үздік студенттерді барынша қолдауын тапсырды. Техникалық кәсіби білікті мамандықтарды даярлауда жарты ғасырлық тәжірибесі бар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы басты тапсырмаларын іске асыру – техникалық және кәсіби білім берудің ұлттық қосарлы білім беру жүйесін қалыптастыру болып табылады», - деді өз сөзінде С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев.

С.Торайғыров атындағы ПМУ белсенді студенттері «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауымен танысып, ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың әрі Үкімет тарапынан қолдауды сезінетінін жеткізді. Студенттік ректор Ғабит Хафиз: «Студенттерді қолдау, оның ішінде озат студенттерді қолдау, стипендиясын көтеру сынды мәселелер Елбасының Жолдауында қарастырылған. Білімін жетілдіріп, білікті маман болып, ел дамуына өз үлесімді қосамын деген студенттер үшін бұл – зор мүмкіндік деп санаймын», - деп қорытындылады сөзін.

Жоғары оқу орынның ардагерлері Жолдауда өркендеген әрі тұрақты қазақстандық қоғам құру жолындағы қарапайым қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды қағидаттарға мән берілгеніне өз ризашылықтарын жеткізді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұжымы Мемлекет Басшысының халыққа Жолдауын қолдап, өркендеген мемлекетті қалыптастыру ісінде білім және ғылымның жетекші рөлі турасындағы идеясын қолдап, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру жолында еңбек ететіні сөзсіз.