С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорттық залында «Денсаулық – зор байлық» атты университеттік спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Спартакиада ұйымдастырушылары: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымы және «Сұңқар» спорттық клубы.

Аталмыш спорттық іс-шараны ашқан – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнара Шамшудинова. Гүлнара Тұрғанқызы спорттық ойындарға қатысушыларды шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі.

Спорттық ойындарға барлық ПМУ факультеттері және құрылымдық бөлімшелері қатысқан. Ойын үздіктері арқан тарту жарыстары, волейбол, шахмат ойыны, үстел теннисі, гимнастика және шаңғы тебу арқылы белгіленген.

ПМУ-дың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері бірінші кезеңінің екі спорттық түрлерінде, атап айтсақ, арқан тарту және волейбол жарыстарында жеңіске жетті. Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, арқан тарту жарыстарында Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті үшінші орын алды. Волейбол ойыны бойынша Сәулет-құрылыс факультеті үшінші орынға ие болды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Сұңқар» спорттық клубының төрағасы Жәудәт Әблеевтің айтуы бойынша студенттердің спорттық ойындарға қатысуы салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен септігін тигізеді.