С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінде ҰБТ және АКТ-ға дайындық курстары жұмыс жасайды.

Қала мектептері, лицейлері мен колледждерінің түлектері ҰБТ және кешенді тестілеуге септігін тигізетін пәндер бойынша даярлық сабақтарын алады.

Ай сайын әртүрлі оқу мерзімі бойынша жаңа топтар құрылады. Білімін жетілдіремін деушілер даярлық курсына қабылдамас бұрын сынақ тестілеуінен өтуге міндетті. Бұл сынақтың нәтижесі бойынша білімгерлерді өз білімдерінің деңгейіне сай топтарға жасақтайды. Сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Бүгінгі күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс жасайтын даярлық курстарында Павлодар қаласының мектептері мен колледждерінің 108 оқушылары білім алуда.

Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында жемісті еңбек етіп келе жатқан даярлық курстарында №9 мектеп-гимназиясы, №10 және №20 лицейлері, №2, №5, №11, №24, №25, №34, №35, №39, №41, №42, №43 жалпы білім беретін орта мектептердің оқушылары белсенділік танытып, білімдерін жетілдіріп келеді.

Даярлық курстарының 80 пайыз қатысушылары жыл сайын мемлекеттік гранттардың игерлері атанып келеді (ҰБТ мен АКТ нәтижелері бойынша 2013 жылдың білім гранттары даярлық курстарының 277, яғни, жалпы саннан 91 пайыз тыңдаушыларына бұйырды).