2013 жылдың 26 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Интернет – заманауи қоғам үшін пайдалы ма, әлде зиянды ма?» тақырыбын арқау еткен халықаралық онлайн-конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – ғаламторға байланып жатқан бүгінгі адамзаттың ғаламторлық өмірі мәселелерін жұртшылық назарына ұсыну.

Бүгінгі шарада адамзат өміріндегі өзекті мәселелерді талқылау барысында ақпараттық мәдениеттің қалыптасу тәсілдері және әлеуметтік желілердің адам мінез-құлқына ықпал етуі сынды мәселелер қарастырылып, талқыланды.

Жоғарыда аталып кеткен мәселелерге Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен келген магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен интернет –технология саласы мамандары өздерінің тың ойларымен бөлісті.

Конференция жұмысына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен өзге, «Тұран-Астана» университеті мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.