С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тұлғаны кешенді зерттеудің ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы, фил.ғ.д. Раушан Көшенова «Шоқан жолдары» сайтының тұсауын кесті.

Раушан Нұрханқызының айтуы бойынша сайттың ашылуының басты мақсаты студент жастарды инновациялық технологиялар арқылы ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Раушан Көшенова өз сөзінде: ««Шоқан жолдары» сайты студенттер, магистранттар және жас Шоқантанушылар мен біртуар ғалымның мәдени мұралары мен шығармашылығы арасында алтын көпір болатыны сөзсіз», - деді.

Жобаға қатысушылар С.Торайғыров атындағы ПМУ, қала мен облыс, республика, таяу және алыс шетелдерде көрініс тауып жатқан ғылыми әрі қоғамдық өмірдегі қызықты бастамалардың бастаушылары.

Атаулы орталық халықаралық Пушкин Үйінің мүшесі болып табылады. Орталықта көптеген халықаралық байқауларға атсалысып, табысты жобалардың авторы «Шоқан» клубы жұмыс жасайды. Мұнымен қоса, «Шоқан» клубында шешендік өнер мектебі, мен «Театр мектебі» клубы көп жастардың басын қосуда.

Жас ғалымдар, студенттер және магистранттар, шығармашылықпен айналысып жүрген зиялы азаматтар тарих пен өлкетану, мәдениет пен философия ғылымдары бойынша зерттеулер жасайды.Сонымен бірге олар Қазақстан, таяу және алыс шетелдерде ғылыми-танымдық экспедицияларға шығады. Шоқанның жүрген жолдарымен жүріп отырып, Шоқанның өмірі мен қайраткерлігі туралы материалдар жинап, жергілікті халық пен өскелең ұрпақ арасында мәдени-танымдық жұмыстарды жемісті атқарып келеді.