2013 жылдың 11 желтоқсанында Достық үйінде өткен «Ғылым және мәдениет. Үшінші мыңжылдық тренді» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысты.

«Ғылым мәдениет. Үшінші мыңжылдық тренді» атты ғылыми-практикалық конференция ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған шаралар шеңберінде өтті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғалымдары конференцияның пленарлық отырысында өз баяндамаларын ұсынды. Ғылыми жұмыс және инновация бойынша проректор, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуы турасындағы баяндамасымен көпшілікті таныстырды. Студенттік тұлғаның мәдени қалыптасуына жоғары мектептегі білім берудің еуропалық кеңістігінің ықпал ету туралы Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдина әңгімелеп берді. «Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы жөнінде Ғылым және инновация департаментінің басшысы Нұркен Күзембаев бөлісті. Қазақстанның басты мәдени трендеріне тоқталып кеткен т.ғ.к., доцент Гулфайруз Жапекова.

Шараның соңында Павлодар мемлекеттік университеті өкілдері «Үркер» зияткерлік клубының құрмет белгісімен марапатталды.

Жалпы конференция жұмыс барысында заманауи кезеңдегі Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің дамуы, жастарды ғылым және мәдени жұмыстарға белсенді араластыру мәселелері қозғалды.